Жылдық ас Ибрайымқызы Дәния

Руы – Тобықты-Жандар, Сүлейменов Алдоңғардың бәйбішесі, Руы – Найман-Садыр, Ибрайымқызы Дәния анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл толады.

Жылдық асы 26 мамыр күні «БЕРЕКЕ» дәмханасында сағат 11-ден бастап беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаңға, балаларының жора-жолдастарына, еңбек ұжымдарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

 

Жүруші едің анашым жолға қарап,

Балаларым үйге келіп қалар ма деп.

Мезгілсіз үзілді ғой жан анашым,

Үкілі үмітің мен бар арманың.

 

Жыл толды кеткелі арамыздан,

Қанат қақпай құладың қара құздан.

Сағынышпен сан жылдар өтсін мейлі,

Нұрлы бейнең өшпейді санамыздан.

 

Ананың орны бөлек өмірдегі,

Ана деген асыл жан өмірдегі.

Кім қияды анасын қара жерге,

Жоқ өзіңдей қамқоршы енді бізге.

 

Анажан, өзіңді сағынамыз,

Тағдырдың салғанына бағынамыз.

Келгенде ағайын-тума, балаларың,

«Айналайын құлыным»-деп қарсы алатын,

Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.

 

Арамыздан кете бардың алыстап,

Уайым, қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын орыныңыз,

Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.

Хабарлаушылар: сіңілісі – Жамиға, балалары, келіндері, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture