Еске алу Мұқашева Нұрбала Ақышқызы

Аяулы анамыз Қамбар келіні, руы – Қырғыз, Мұқашева Нұрбала Ақышқызының өмірден өткеніне 4 жыл, арамызда болғанда 80 жасқа толар еді…

Мейіріммен жымиған күлкіңізді,

Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.

Жатқан жерің, жан Ана, жайлы болып,

Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

 

Мәпелеп өсірдіңдер мына бізді,

Ұрпағың ұлағатты ұғады ізгі.

Алдында аруағыңның иіп басты,

Арнаймыз бүгінгі күн дұғамызды.

 

Өзің едің қамқоршы панамыз да,

Өлімге жоқ қой қылар шарамыз да.

Өзегіміз өртеніп өкініштен,

Өксіп жылап, еске енді аламыз да.

 

Анажан, жатқан жерің жайлы болсын,

Қабірің нұрға толсын, ұстағаның шырақ болсын!

Асыл ана, мақтанышымыз, ардағымыз,

Біз үшін бар ғұмырыңызды арнадыңыз.

Ұрпағың бар жалғастырар ізіңізді,

Жоғалтпайтын ізгіліктің жалғауын.

 

Өсірдің, еркелеттің, тұлымдадың,

Әжетай, ұмытпаймыз мұның бәрін.

Дұғаларын бағыштайды өзіңе Әже,

Сағынышпен еске алып құлындарың!

 

Торқа болсын жамылған топырағың,

Тыныш ұйықта жер бесікте дамылда.

Бір Алладан дұға оқып тілейміз,

Жай тапсын жаның жұмақтың жәннат-бағында.

Еске алушылар: туған-туысқандары, балалары, немерелері, шөберелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture