Еске алу Абакова Шарбат Қайратқызы (достары)

Аяулы да ардақты, қимас досымыз Абакова Шарбат Қайратқызы бүгін тірі болғанда 28 жасқа толар еді… Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай кеттің. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!

 

Еске алумен бүгін сені аңсадық,

Өткен күнді жабырқаумен сағындық.

Сағынамыз, не шара бар тағдырға,

Өшпес ізің мәңгі қалар бұл өмірде.

 

Сағындым, жан досым дидарыңды,

Мейірім төгіп тұрар жанарыңды.

Сабырмен парасатты ой тізбектеп,

Айтатын тәрбиелі ақылыңды.

 

Жүректесің мәңгі біздің көңілде,

Жас таусылды көзден біздің төгіле.
Жайлы болсын жаткан жерің, асыл дос!
Самғап жүрші жәннаттың төр көгінде.

Еске алушылар: Аселя, Торғын, Риза, Гульдана, Баян, Ғалым, Миллиона, Сабыржан, Толғанай.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture