Республикалық чемпионатта өнер көрсеткен боксшы Ерасыл Ермек жүлдемен оралды. Жерлесіміз 52 келіде бақ сынаған 8 баланың ішінде үшінші орын алды.
13-14 жас аралағындағы бокстан Қазақстан чемпионаты Қостанай қаласында өтті. Оған Қарағанды облысынан 14 бала, оның ішінде балқаштан 2 спортшы барды. Облыстық бокс мектебінен барған бала ұтылып қалып, дене шынықтыру және спорт кешенінің тәлімгері Ерасыл Ермек жартылай финалға дейін жетті. Алайда, алматылық қарсыласына есе жіберіп, 3:0 ұпайымен үшінші орын алды.Үш жылдық дайындықта бірінші рет ауқымды жарысқа шыққан Ерасылға тәжірибе жетіспеді.Дода қорытындысында қарағандылықтар командалық есепте үшінші болып тұрақтады.
Ерасыл Ермек- Бокстан республикалық чемпионаттың үшінші орын иегері
«Мен Қазақстан чемпионатында жартылай финалда Алматы обл. баласымен шықтым. Ол баламен қиындау болды. Менен жасы үлкен болды. Бойы да ұзын. Мен мұндай жарыстарға, бірінші рет қатысып тұрмын».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login