Балқашта «Еңбек жолы» байқауы бастау алды. Бұл сайыс күндіз-түні өндіріс орындарында талмай еңбек ететін жұмысшы қауымының мәртебесін арттыруға бағытталған. Ал, жеңімпаздар 3 номинация бойынша анықталады. Біріншісі үздік еңбек әулеті. Оған ұзақ жылдық еңбек өтілі бар, түрлі марапаттармен мадақталған жанұялар өтініш бере алады.. Екіншісі «үздік жас жұмысшы». Бұл номинация бойынша, жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор жастар таңдалады. Үшіншісі «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».Еңбек өтілі кем дегенде 20 жыл, жұмыста кішілерге үлгі болып жүрген аға буын өкілдері қатыса алады.
Байқауға қатысам деушілер 1 тамызға дейін өтініш білдірулері керек. Ал, өтініштер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қабылданады.
Назгүл Оқубаева-жұмыспен қамту орталығының маманы
«Еңбек адамының мәртебесін арттыру, жұмысшы мамандықтарды насихаттау және жастарды өндіріске тарту мақсатында еңбек жолы конкурсын ұйымдастырамыз. Өтінімдер ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін қабылданады. Жеңімпаздар қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін еңбек күнінде марапатталады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login