Балқашта вич инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелген. Олардың көбісі бір инені қолданған нашақорлар.
Қазақмыс Смэлтинг жұмыскерлері ақ қан ауруына шалдыққан екі балаға 1 млн.астам қаржы жинап берді.
Балқаштық түлектердің ҰБТ қай күні тапсыратыны анықталды. Биыл мектеп табалдырығынан түлеп ұшқалы отырған оқушылар 23 және 25 маусым күндері 5 пәннен берілетін 120 сұраққа жауап береді.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ниетпен №15 мектеп -лицейінің түлектері оқу ордаларының маңына тал екті. Ертең мектеп бітіргелі отырған 19 оқушы 19 түп ағаштарын суарды.
«Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінің ашылуына екі аптадай уақыт қалды. 10 маусымнан бастап 10 қыркүйек аралығында ел төріне жиналған 5 миллиондай халықтың назарына жасыл технологиялардың балама түрлері ұсынылатын болады.
Балқашта «Еңбек жолы» байқауы бастау алды. Бұл сайыс күндіз-түні өндіріс орындарында талмай еңбек ететін жұмысшы қауымының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Оқырмандар үшін жағымды жаңалық. Қаладағы кітапхана сөрелері 5мыңнан аса жаңа оқулықтармен толықты.
Жаңадан түскен кітаптарды қазірден бастап оқуға алуға болады. Ал, жалпы Балқаш қаласындағы 9 кітапханада 3 мыңнан аса рухани азық сақталуда.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login