Балқашта екі баласы бар келіншек үй-күйсіз далада қалды. Ата-анасы Салтанат Әбдрахманованы екі баласымен бірге үйден қуып шыққан. Біздің редакциямызға көмек сұрап келген әйелді «Көмек» кризистік орталығы қабылдады. Бірақ, ол онда тек 10 күн ғана тұра алады.
28 жастағы Салтанат Әбдрахманова екі баласын ертіп 1 қап құжатын алып далада жүр. Айтуынша, бұған дейін ауылда жалданып жұмыс істеген. Содан жақында үйіне қайтып келеді. Алайда, ата-анасы оны 2 баласымен үйге кіргізуден бас тартып отыр.
Салтанат Әбдрахманова
«Ата-анаммен сиыса алмаймын. Неге жата бересің, балаңды асырамайсың, неге өзің қарамайсың, неге бір тиын ақша әкелмейсің деп шаршатты.»
Салтанаттың әкесі болса, екінші топ мүгедегімін, мені ешқайда жұмысқа алмайды, бәрін асырай алмаймын деп ақталды.
Келіншектің айтуынша, балаларының әкесі Алматы облысында Боралдай ауылында тұрады. Екінші топ мүгедегі. Күйеуінің туыстары тыныштық бермегеннен кейін, 2015 жылы ажырасып кеткен. Содан бері ай сайын 8 мың теңге алимент төлеп тұрады екен. Қазір үлкен ұлы 6 жаста, ал, кішісі 5 — те. Тағы бір ұлы бар. Оны туыстары асырап алған.
Ата-анасынан қайыр болмағандықтан бүгінгі кейіпкерімізді қиын жағдайға түскен әйелдерге қол ұшын созатын «Көмек» кризистік орталығына ертіп апардық. Ондағылар Салтанатьы қабылдады. Алайда, бұл жердің де өзіндік ережесі бар. Мұнда әйелдерге тек 10 күнге ғана
онда балаларымен бірге 10 күн ғана тұра алады. Оның үстіне орталықтың өзіне көмек керек. Мұнда қазір күнделікті ішіп-жейтін тамақ таусылған. Сондықтанда, жомарт жандар азық-түлік әперуге көмектессе дейді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login