Балқаштық кітапхана сөрелері 5 мыңнан аса жаңа оқулықтармен толықты. Балалар мен көркем әдебиетке және ғылыми кітаптарға қазынадан 9 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазір жаңа түскен оқулықтарға мөр басылып, бөлімшелерге таратылуда. Мысал үшін, жаңа түскен кітаптардың арасында Гарри Поттер мен әлемге танымал Джоан Роулингтің авторлық оқулықтарын кездестіруге болады. Энциклопедиялар 3Д форматында, арнайы жапсырмалармен көз тартарлықтай әсемделген.
Зәуре Блялова – кітапханашы
«Бұл кітап менің Отаным-Қазақстан. Мектеп жасындағы балаларға арналған.Киіз үй тәріздес.Былай ашылады. Балаларға қызықты.Басында елбасымыздың сөзі.Мемлекетіміздің рәміздері».
Бұл шаңырақ тәрізді кітап балалар әдебиеті арасында ең қымбаты болып саналса, ересектер арналған оқулықтардың қымбаты 40 мың теңге тұрады.Жалпы, 5141 кітапқа 9 млн. теңге қаржы жұмсалды. Бүгінде оның барлығы оқырманға жол тартты.
Айжан Арзымбетова – С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі
«Жаңа келген кітаптардың бірі Грегори Робертстің «Шантарам» оқулығы. Онда автордың өзі есірткіге әуес болған. 19 жыл темір торда отырған. Осы туралы ол өзінің шығармасында отырады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login