1967-1977 жылғы түлектер өмірден өткен сыныптастарын еске алады

Нарманбет ауылының тумалары

Руы – Қожа

Шөкенов Жанғалы  Қарақожаұлы

(26.06.1960  – 22.07.1992 ж.)

Руы  Тобықты- Құттыбай

Мусин Медет Советұлы

(12.04.1961 – 21.03.1993 ж.)

 

Руы  Тобықты –Шомақ

Қырбасов Нұрлан

(1960- 1997 ж.)

 

Руы Тобықты – Шомақ

Жұмағұлов Төлеуғазы Ғаниоллаұлы

( 1960 – 1999 ж.)

 

Руы Тобықты — Ақсары

Дәрібеков  Карбоз Тұрсынбекұлы (Тұяқбай)

(5.03. 1960  – 5.05.2003 ж.)

 

Руы  Тобықты — Құттыбай

Қуатбеков Қанат Төлеуғұлұлы

(18.06.1959 -10.10.2008 ж.)

 

Руы Тобықты – Ақтеке

Момбеков Өрікқан Аяғанұлы

(23.08.1960 -30.10.2013 ж.)

 

Руы Тобықты – Шомақ

Шарбеков Берікқалы (Аппақ) Қайроллаұлы  (22.04.1960  — 4.03.2014 ж.)

 

Руы Тобықты — Ақсары

Жұмабаев Қайырберлі Қабдыбекұлы

(15.09.1960 – 20.12.2014 ж.)

1967-1977 жылдары мектеп қабырғасында  он жыл бірге оқып  өмірден өткен  сыныптас достарымыз, біреуге аяулы жар, асыл әке, қадірменді ата болған асыл жандарымызды  еске аламыз.

Биыл мектеп бітіргенімізге 40 жыл болды.

Шіркін уақыт, не деген жүйрік едің…

 

Біз 77- нің  түлектері, туған жер топырағында бірге түлеп, бірге өрлеп, балдырған балалық шақтың, жалынды жастық жылдардың бақытты сәттерін бірге бөліскен, татулығы жарасқан достар едік. Амал не, қара ормандай қатарымыз ойсырап, аяулы жандарымыздан  тағдыр жазуымен көз жазып қалдық.

Алланың ісіне не шара?! Балалығымыз, жастығымыз бірге өтті, енді балаларымыздың қызығын бірге көрсек деп жүргенде, ақ қанат армандарын арқалап кете барды.

 

Достарымыздың артында берекелі от басы, бауыр еті балалары, бірге туған бауырлары, жан достары барда олардың өмір көші жалғаса береді.

Асыл азаматтардың  жарқын болмысы, нұрлы бейнесі мәңгілік есте сақталады.  Досқа адалдық — рухқа адалдық! Көзден кетсеңдер де, көңілдесіңдер қайран достар!

 

Құлын тайдай тебісіп бірге өскен,

Жарқын бейнелерің мәңгілік кетпейді естен.

Талай қызық күндерді бірге өткізіп,

Күндер қайда бір нанды бөле жескен.

 

Өмір жалған өтпелі екен қас қағым,

Жанға жара салатұғын басқа мұң.

Сағынышпен еске алады өздеріңді

Жастайыңнан бірге жүрген достарың.

 

Ұрпақтарыңа саналы ғұмыр берсін,

Алып бәйтеректей жайқалып өсіп-өнсін.

Жатқан жерлерің жайлы болып,

Жандарың жаннатта, топырақтарың торқа болсын.

 

Сағына еске алушылар  сыныптастары  және олардың отбасылары.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture