Құрметті Бекбенбетов Қанат Өмірбекұлы! Өзіңізді бүгінгі 50 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Қызметіңізде шығармашылық табыс, жанұяңызға бақыт тілейміз! Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, балаларыңыздың қызығына тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз.
50 деген — ердің жасы еңселі,
50 деген — парасаттың өлшемі,
Жарқылдасаң самғап ұшқан сұнқардай,
Азамат деп мақтан тұтар ел сізді.
Құтты болсын туған күн мерекеңіз,
Жылдан-жылға арта берсін берекеңіз!
Жүзге келген тойыңызда кездесейік,
Бала-шаға, ағайын, туған-туыс.
50 жас өзенді өмір, сыршыл ағын,
Мәпелеп, жеміс берер бар шынарын.
Қанат құтты болсын мерейтойың,
Өмірдің тілейміз біз нұр шуағын!
Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп, бізде соның біріміз.
Еңбегіңіздің тек зейнетін көре беріңіз,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.
Т/б: РССУ № 2 ұжым.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login