Қимас бауырым Абакова Шарбат бүгін тірі болса, мамырдың 24–жұлдызында туған күнін тойлар едік.
Амал қанша, сұм ажал ортамыздан жұлып әкетті. Бауырымызды еске ала отырып «топырағың торқа, жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, қібірің иман нұрымен нұрлансын!»-деп Алладан тілейміз.
Біздің қайғымызды бөліскен ағайын-туғанға, №9 мектеп ұжымына және Шарбаттың достарына, Шәрбаттың оқушылары 6 «Б» сыныбына рахмет айтқым келеді.
Ажал сұм елді талғамай,
Тура сені алғаны-ай.
Жылда келер туған күн,
Аталмай қалды жалған-ай.
Қайтейін сабыр етемін,
Нұрлансын қабір мекенің.
Білінді-ау бізге, білінді-ау,
Қадірлі сондай екенің.
Бұйрық боп көктен Тәңірден,
Өттің ғой Шәрбат өмірден.
Кетсең де көздің алдынан,
Кетпей-ақ қойдың көңілден.
Фото 7
Көтерген көкке ту басым,
Іздеп жүр сендей тумасын.
Апайың, бауыр жоқтауда,
Қайтсін-ай бірге туғансын.
Еске алушылар: апасы Гүлзат, жездесі Алибек, Нұрсұлу, Ақжол, ата-анасы.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login