Балқаштық түлектердің ҰБТ қай күні тапсыратыны анықталды . Биыл мектеп табалдырығынан түлеп ұшқалы отырған оқушылар 23 және 25 маусым күндері 5 пәннен берілетін 120 сұраққа жауап береді. Тестілеуге алғашқы болып 1,9,16, 2,8,17-ші мектептер қатысады. Қоңырат мөлтек ауданы мен Приозерск қаласының оқушылары да сынақтан бірінші болып өтеді. Ал, 24-і күні тестілеу нәтижесі бойынша аппелляцияға өтініштер қабылданады. ҰБТ-дің екінші күні № 7 гимназия, №2 интернет, 15 мектеп-лицейі және Шашубай, Саяқ, Саршыған кентінің түлектері тест тапсырады. Даулы сұрақтар келесі күні аппеляцияда қаралады. Оқушылар жоғарғы оқу орнына түсу үшін ең аз дегенде 50 ұпай жинаулары керек.
Баян Нұржанова-ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі
«Жалпы ЕНТ тапсыратын балалардың саны 305. Ақтоғай ауданы бойынша 45. Приозерск қаласы бойынша 29. Балқаш қаласы бойынша 231 түлек тапсырылады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login