Шұбыртпалы – Балталы Әбен келіні, Джакупов Қайраттың жұбайы, руы – Жалайыр, Джакупова Гүлнар Шәкірқызы өмірден озғанына 25 мамыр күні 40 күн толады.
(12.05.1958 – 17.04.2017жж)
Марқұмды еске ала отырып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын дейміз. Қабіріне Алланың шапағаты мен нұры толсын деп дұға бағыштаймыз.
Қырық күндік асы 25 мамыр күні «БЕРЕКЕ» дәмханасында сағат 12.00-ден бастап беріледі.
Ағайын-туыс, құда-жекжат, еңбек ұжымына, көрші-қолаң, жора-жолдастарға және танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Мейіріммен жымиған күлкіңді,
Еске алып, мәңгілікке сағынамын.
Жатқан жерің, жан жарым, жайлы болып,
Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.
Сағынумен 40 күн болды өткелі,
Жан жарым есімнен еш кетпеді.
Өзегімді өртейді бір өкініш,
Жан жарымның аз-ақ ғұмыр кешкені.
Жарық дүние жарқ еткен бір жаңғырық,
Өмір осы өте шығар таң қылып.
Орның сенің ойсырап тұр толмайды,
Амалымыз не, қош бол, дәу мама, мәңгілік!
Жүруші едің дәу мама жолға қарап,
Балаларым үйге келіп қалар ма деп.
Мезгілсіз үзілді ғой, дәу мамамыз,
Үкілі үмітің мен бар арманың.
Қызығын немеренің көрмедіңіз,
Жанында еркелетіп жүрмедіңіз.
Әлі де біздерменен бірге болып,
Тағы да біраз өмір сүрмедіңіз.
Жанарға жас келеді сағынғанда,
Амал қанша тірлікте қоймады Алла.
Рухың ұшып кетсе де алыс жаққа,
Бейнең мәңгі қалады жадымызда.
Хабарлаушылар: жолдасы – Қайрат, апалары, балалары – Руслан, Думан, Джакуповтар әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login