Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз Мағрұп Ақжүрек Азаматұлын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тек жақсылықтарын берсін!
Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын!
Жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты боп,
Мұратыңа жете бер.
Сәбиіміз ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Тілек білдірушілер: папа – мамасы: Азамат – Әсемгүл, ағалары: Мұрагер, Ақжол
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login