Ардақты әже, сүйікті жар, қымбатты ана Исмагулова Жайнагүл Тілеуқабылқызы, Сізді 50 жасқа толған туған күніңізбен құттықтаймыз! Сізге ашық аспан, зор денсаулық, үлкен бақыт, дүниедегі барлық қуанышты тілейміз! Арамызда осылай ақылшымыз болып жүре беріңіз!
Мерейтойда толсын бақытқа жүзіңіз,
Қуанышта шаттаныңыз, күліңіз.
Ұл-қыздардың қызығына бөленіп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!
Аяулы анам, ұзақ болсын жасыңыз,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Әкемізбен қол ұстасып мәңгілік,
Немере сүй, шөбере сүй,
100-ге келсін жасыңыз!
Ұзақ болсын ғұмырың, асыл Ана!
Орындалсын тілегің, арманың да.
Мәпелеп, аялаған балаларың,
Құттықтайды туған күнмен асыға да!
Т/б: жолдасы – Нұрбек, балалары: Ерлан-Жұлдызай, Аян-Гүлімай, Ақтолқын, немерелері: Ерасыл, Жанболат, Нұрасыл.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login