Бүгін қалада жапырақжегіштерге қарсы өңдеу жұмыстары басталды.«Зеленстрой» мекемесінің мамандары таң атысымен орталық алаңдарда арнайы сұйықтықты шашып шықты. Және биыл химикаттау көпқабатты үйлердің алаңдарында да жүргізілмек.
Тракторшы Қуаныш Қасымов 10 жылдан бері жасыл желек жауымен күресіп келеді. Мәселен, бүгін таң атысымен көлігіне арнайы құбырды жалғап, өсімдіктерге улы сұйықтықты сеуіп шықты. Мұндай химиялық қоспаны шамамен 7-ші қабатқа дейін шашуға болады.
Қуаныш Қасымов – тракторшы:
«Сұйықтықты шашу үшін арнайы құбырды тракторға тіркейміз.Және міндетті түрде маска, қолғап киеміз. Химия адамға тимеуі қажет».
«Димилин» атты химиялық қосынды күштілігі соншалықты, зиянкестер санаулы секундтың ішінде қырылып қалады. Алайда, қоспа жапырақ жегіштердің жұмыртқаларына әсер етпейді.Сондықтан мамандар зиянкестердің өсуін күтіп барып , жою жұмыстарымен айналысады.
Азат Ахмолдаев – Өсімдіктерді қолдау жөніндегі мемлекеттік инспектор
« Қазір ауа райының нағыз қолайлы кезі. Осыған байланысты осы уақытта белгілеп химиялық өңдеу шараларын жүргізуді бастадық.Қазір кеш емес.Дәл нағыз уақыты.Қайталама химиялық өңдеу шараларын осы бірінші өңдеу шаралары біткеннен кейін, 20 күн өткеннен кейін қажет болған аумақтарда қайталама химиялық өңдеу шараларын жүргіземіз».
Бүгін химикаттау шаралары Ленин, Уәлиханов және орталық саябақтарда жүргізілді.Мамандар жоспар бойынша маусым айына дейін қаладағы 60 гектар жерге улы қоспаны сеуіп шығады. Ал өсімдерді өңдеу жұмыстары аулаларда жүргізілуі үшін КСК қызметкерлері әкімшілікпен келісім шартқа отыруы тиіс. Алайда, қазір тиісті тараптан бірде бір өтініш жоқ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login