Заңсыз жолмен нәпақа таппақ болған 12 балықшы ұсталды. Олардың әрқайсысына 22 700 теңгеден айыппұл салынды. Өйткені, естеріңізде болса 15 сәуірден бастап 31 мамырға дейін балық аулауға мүлдем болмайды. Себебі, осы уақыт аралығында балықтарда уылдырық шашу уақыты өтеді. Осыны ескерген линиялық полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізді. Тараңғалық, Шұбартөбек, Ақ тас аймағында қармақпен балық аулап отырған 12 балықшыны жауапқа тартты. Және заңға қайшылық келтірген әрбір балықшыға10 айлық есептік көрсеткішпен, яғни 22700теңгеден айыппұл салынды. Сондай-ақ тексеріс барысында көлден 5 шақырымдай жерге орнатылған тор табылды. Бірақ оның кімге тиесілі екендігі белгісіз.
Виктор Васильев — Линиялық полиция бөлімшесінің бастығы
«Табылған тор көздер кімдікі екендігі белгісіз. Бірақ, оның көзі жойылды. Ал осындай тексеріс жұмыстарын біз 1 маусымға дейін жалғастыратын боламыз. Балықшылар маусымның 2-нен бастап балық аулауларына болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login