Балқашта масамен күрес басталды

Балқашта масамен күрес басталды. Дезинсекция жұмыстары бірінші болып Ботсад аймағында жүргізілді. Ол үшін Қарағанды қаласынан арнайы мамандар келді. Жұмыскерлер келген бетте саябақтарда қансорғыштардың көзін жоюға кірісті. Масаларға қарсы өңдеу жұмыстары маусым айының соңында тағы да екі рет жүргізілетін болады. Оған қоса, қарағандылық жұмыскелер 7 көпқабатты үйдің жертөлелерінде, қоғамдық орындарда арнайы сұйықты шашады.Осындай жұмыстарға жергілікті қазынадан 2 млн. теңге қаржы бөлінді.

Әнуар Сәмиев — ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Бұл жыл сайын жүргізілетін шара. Бізге СЭС мамандары қаланың қай жерінде масалардың көптігін айтады. Содан кейін сол аймақтарда өңдеу жұмыстары жүргізіледі.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture