Еске алу Нашарбаев Несіпбек Тоқыметұлы

Руы Сарым — Бұланбай, ардақты әкеміз Нашарбаев Несіпбек Тоқыметұлының өмірден өткеніне 13 жыл толды.

(25.12.1951-20.05.2004ж.ж.)

Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мәңгілік мекенің жұмақ болсын. Сенің тірі бейнең болып артыңда қалған  ұл-қызың тұрғанда сені өлді деуге қимаймыз. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!

Әрқашан мейірім шуағы есіп тұратын айдай жүзіңді, аңқылдаған ақкөңіл мінезіңді, күлімдеген бейнеңді аңсаймыз, Әке!

Біз үшін сенің орының бөлек еді-ау, ешкімнің көңілін қалдырмай, бәрімізді бірдей көруші едің. Ауырып жатып бізді мазаламай, сабыр сақтап, қиналғаныңды білдірмей жатқаныңды көргенде ащы өксік өзегімізді өртеп, саған деген сағыныштан көзімізді булаған ыстық жас әлі кепкен жоқ. Қайтейік, Алланың ісіне не шара бар?!

 

Әкетай, сағынғанмен бар ма, шара?
Жүректе мәңгі қалды осы жара…
Жүрегіміз ауырады сізді жоқтап,
Әкетай, мәңгі кеттің амал бар ма?

 

 

Әке есімін ардақ тұтқан төрт бала,

Еске аламыз «абзал еді» деп қана.

Төрт балаңның тамырына нәр беріп,

Тілегімізді тарту етіп кеттің, Әке, тек қана!

 

 

Жан әке, торқа болсын топырағыңыз,

Қайғының орнын немен толтырамыз?

Әкешім, Сізді іздеп сағынамыз,

Атыңды өшірмеуге тырысамыз.

Еске алушылар:ағасы – Ырыскелді, қарындасы -Сарқыт, жұбайы — Аманкүл, балалары: Қанат, Медет, Шынар, Қанағат, келіндері, күйеу баласы, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture