Еске алу Мұқажан Бірлік Серікұлы

Ұстаздық білімге бірге қанат қаққан, студенттік жарқын шақтарды бірге өткізген қимас, ардақты досымыз Мұқажан Бірлік Серікұлының өмірден озғанына 40 күн толып отыр. Бірлікті сағына еске аламыз.

Жан досым, Бірлік жаны ізгі,

Жүруші едің кіргізіп сәнімізді.

Отырыс-жиындарда бөлек едің,

Күлдіріп отырушы едің бәрімізді.

 

Тау-тастың қыраны едің, еркін ұшқан,

Сүйсініп қарайтындай елің, дұшпан.

Жігіттің сұлтаны едің, дара тұлға,

Батырып кете бардың қара мұңға.

 

Жарқын жүз, жібек мінез, жайдарлы едің,

Таныған жұрт, бар адамға қадірлі едің.

Жанымызға жазылмас жара салып,

Өмірден кетіп қалдың әттегенмен.

 

Өмір зулар шаршамайды, талмайды,

Бүгініңді ертеңіңмен жалғайды.

Нәзік жүрек өзіңді сағынып,

Сағынышын достарың осы жырын арнайды.

 

Бақ жұлдызың ерте сөнді көгіңде,

Қимайтұғын досымыз ең өлімге.

Жатқан жерің жайлы болып, торқалы,

Орның болсын пейіштің қақ төрінде!

 

Мекендегенің жұмақ болсын,

Мінгенің пырақ болсын.

Имандының бірі сенсің,

Қимас досымыз, Бірлік.

Сағына еске алушылар: ФК-10-9 және топ жетекшісі: Нарын Капашевна

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture