Асқар таудай әкеміз, ақылшымыз, бәрімізге аса қадірлі, адал жар, абзал әке, сүйікті ата Молдажанов Адылхан – 70 жас мерейтойыңызбен құттықтаймыз!
Сіз ағайын-туыс, бауырларыңыздың, ұл-қыздарыңыздың, немере-жиендеріңіздің ортасында, анамыздың қасында қарсы алып отырсыз. Сіз бақытты адамсыз! Ғұмыр-жасыңыз ұзақ болсын! Денсаулығыңыз мықты болып, ұрпақтарыңыздың қуанышына бөлене беріңіз! Ортамызда қамқоршы, ақылшы болып жүре беруіңізге тілектеспіз.
Ұлағатты ұл ұшырдың ұясына,
Қылықты қыз жеткіздің қиясына.
Әз басың ата болып бүгінгі күн,
Бақыттан тойың тойға ұласуда.
Әлдилеген баласын,мәпелеген,
Адам бол деп құлынын жетелеген.
Бұл әлемде мейірімде,ықыласта,
Бір өзіңе Жан Әке жете ме екен?
Шүкір дейміз өзіңдей жан барына,
Жақсылықты тілейміз жалбарына.
Сіздей әке бар болса – біздей бала,
Алаңдамай қарайды алдарына.
Т/б: жұбайы – Асылкүл
ұлы-келіні
күйеу балалары — қыздары
немерелері
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login