Жылдық ас Әбдірбайұлы Жұбай

Руы – Көшкін-Орысбай, Әбдірбайұлы Жұбай ардақты әке, қимас бауырдың өмірден қайтқанына жыл толады.

Марқұмның аруағына құран бағыштап 20 мамыр күні МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН ЗАЛЫНДА сағат 12.00-ден бастап ас беріледі. Туған-туысқандарға, құда-жекжаттарға және жолдастарына, көрші-қолаңға, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

Ғұмыр кештің дақ түсірмей арыңа,

Жалғыз Алла, иман төксін жаныңа.

Өтсін мейлі, талай көктем, талай күз,

Біз өзіңді еске аламыз сағына.

 

Жан әке, торқа болсын топырағыңыз,

Қайғының орнын немен толтырамыз?

Әкешім, Сізді іздеп сағынамыз,

Атыңды өшірмеуге тырысамыз.

 

7 жыл болды анамыз өмірден өткелі,

Әкемізге 1  жыл болды кеткелі.

Жүректерді сағыныштан мұң басты,

Амал қанша өмір солай өтпелі.

 

Тіршіліктің арты – қысқа, алды – ұзын,

Кете бардың таусылғанда дәм-тұзың.

Жақсы есімің, ұрпағың бар артыңда,

Бұл жалғанда өшпейтұғын қалды ізің.

 

Ақылын айтып әсерлі,

Кешірген әрбір қатемді.

Нұрыңа, Алла, бөлей гөр,

Анашым менен әкемді!

Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мәңгілік мекенің жұмақ болсын. Сенің тірі бейнең болып артыңда қалған  ұл-қызың тұрғанда сені өлді деуге қимаймыз. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!

Хабарлаушылар: бауыры – Күлқабира, балалары, немерелері, шөбересі — Аяла.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture