Жылдық ас Қуанышбаева Назкен Таупікқызы

Руы Құлық – Таңат – Бәйсеу, Ақтоғай ауылының тұрғыны, ардақты анамыз Қуанышбаева Назкен Таупікқызынан көз жазып қалғанымызға да 1 жыл толады.

Анамыздың 1 жылдық асы 2017 жылдың 20 мамыры күні сағат 12.00-де «ТОҚЫРАУЫН» тойханасында берілетінін ағайын-туыс, құда-жекжат, жора-жолдас, ата-анамыздың көзін көрген барша жамағатқа, көршілерге хабарлаймыз.

Анашым, біздерді жылы мейіріммен мәпеледің,

Қиындықты көрсетпей жастай қалып.

Еңбегіңді аямастан тәрбиелеп,

Аялап ер жеткіздің, адам еттің.

 

Анажан, өзіңді сағынамыз,

Тағдырдың салғанына бағынамыз.

«Айналайын, құлыным!» — деп қарсы алатын,

Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.

 

Торқа болсын жамылған топырағың,

Тыныш ұйықта жер бесікте дамылда.

Бір Алладан дұға оқып тілейміз,

Жай тапсын жаның жұмақтың жәннат-бағында.

Ас берушілер: анасы – Секер, ұлы – Серікболсын, қыздары – күйеу балалары,  бауырлары, жиендері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture