Жол ақысының қашан қымбаттайтыны белгілі болады

Балқашта жол құнының қашан көтерілетіні маусым айында белгілі болады. Бүгін әкімдікте қалалық маслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті. Онда, қоғамдық көлікпен қала ішінде жүріп-тұру тарифін 60 теңгеге қымбаттату ұсынылды. Ал, шаһар маңындағы шағын елді-мекендерге қатынайтын автобустарда жол ақысын 70 теңгеге көтеру жоспарланған. Халық қалаулылары бұл сұрақты маусым айында өтетін қалалық маслихаттың 11 сессиясында қарап, нақты шешім шығармақ. Сондай-ақ жиында 2016 жылғы қалалық бюджеттің орындалу барысы талқыланды. Белгілі болғандай, өткен жылы 18 млн теңге игерілмей қалған. Оның 15 млн ТКШ бөлімі тиесілі болса, 2 млн теңге жұмыспен қамту орталығының еншісінде. Ал, мұның барлығы тендрлік байқаулардың кеш өткізілуімен түсіндірілуде.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture