Еске алу Забиров Түсіп Халықұлы, Әділбайқызы Манаш

Руы Тобықты – Байтемір, ардақты әкеміз Забиров Түсіп Халықұлының өмірден өткеніне 30 жыл.

Руы Тобықты – Манас – Байлар, Әділбайқызы Манаш анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл болды.

Жылдық асы 20 мамыр күні сағат 12.00-ден бастап «КОСМОС» дәмханасында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерге, балаларының еңбек ұжымдарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

Атыңнан айналайын әке деген,

Мәңгілік жүректерде қалады екен.

Әкесіз бұл ғұмырда көңілің пәс,

Гүлдей боп күздігүнгі  солады екен.

 

Сабырлы, салқын мінезді,

Сертке берік, бір сөзді.

Азамат еді-ау әкеміз,

Адал жүрек, жаны ізгі.

 

Жан әке, ерте кеттің өмірден,

Кезіміз көп өзіңізді іздеп егілген.

Артта қалған балаларың қол жайып,

Дұға арнарда көзінен жас төгілген.

Бір Алланың жазғанына не дерсің,

Жанарларда қалды жансыз елесің.

Жатқан жерің жайлы болып, әкежан,

Әруағыңыз ұрпағыңды жебесін.

 

Жан Ана, сағындық қой мейірімді жүзіңізді,

Дәл өзіңдей еркелетіп, кім тыңдайды мұңымызды.

Елестете алмасақ-та, мына өмірді өзіңсіз,

Амал қанша, жылай-жылай күтіп алдық жылыңды.

 

Асыл анам, жүрміз-ау болып алаң,

О дүниеден әттең-ай, оралып қайтпас адам.

Артыңда қалды жылап барлық балаң,

Аяулы анам, бар ма екен бізге назың,

Кетті-ау келмеске шуақ жазым.

Жоқ болдың бір күнде болып сағым.

 

Өмір осы білмес әркез аяуды,

Көңіл осы көтеретін қаяуды.

Орның сенің бөлек еді біздерге,

Ардақты ана, асыл әже, аяулы.

 

Қызығын немеренің көрмедіңдер,

Жанында еркелетіп жүрмедіңдер.

Әлі де біздерменен бірге болып,

Тағы да біраз өмір сүрмедіңдер.

 

Жарқырап жансын жәннатта шырақтарың,

Алладан болсын мінген пырақтарың.

Ұрпағың дұға қылып қол жаяды,

Көрсін деп мәңгіліктің жұмақ бағын!

Ас берушілер: балалары, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture