Қызыларай ауылының тумасы руы – Қожа, Әділов Советтің жұбайы, ардақты ана, аяулы әжеміз руы Майлық – Байсары, Мұқышқызы Нұржамал тірі болғанда 18 мамырда 79 жасқа келуші еді. Асыл анамызды сағына еске аламыз. Аяулы жар, жан жолдасым ардағым Мұқыш қызы Нұржамалға арнау
Асыл жар, жан жолдасым Жәкенім-ай,
Елу бес жыл серік болған аяулым-ай,
Өкініштен өзегім өртенеді,
Бір ауыз тілге келмей кете бардың,
Тағдырдың жазуы ма еді бізге осылай.
Өсірген ұрпақтарың бір рулы ел,
Алладан рахмет, пайғамбардан шапағат,
Алдың бейіш, артың кеніш,
Иманың кәміл болсын,
Қол жаям, бата тілеп аруағыңа-ай.
Күндіз естен кетпесің, түнде түстен,
Күніңнен күн, ай артынан айларың өтіп жатыр,
Қайырылмай келмес жаққа кеттің өтіп,
Сағынам ыстық жаспен бетім жуып.
Әлпештеп аяладың жас баладай,
Төсім жайлау, төбем қыстау сенімен өткен күндер,
Елес боп өте шықты-ау көрген түстей,
Артыңда өсіп-өнген бала-шаға, өнегелі ісің қалды,
Ұмытылмас асыл бейнең тас мүсіндей.
Ыстық сезім, шын жүректен
Жолдасың Совет Әділ ұлы.
14.11.2014 ж.
Еске алушылар: жолдасы – Совет, балалары, немерелері, шөберелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login