Қатаң бақылауда! Шаһар әкімі қалада салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысып қайтты. Асфальт салып, брюсшатка төсеп жатқан мердігер компаниялардың кемшіліктерін шұқып көрсетіп, олқылықтардың дереу жойылуын талап етті.
Нөкерлерін ерткен қала басшысы алдымен Байсейітова көшесінің бойына троутар салып жатқан мердігер компанияның жұмысын сынға алды. Құрылысшылар, жер астында бетон болғандықтан бардюр мен брюсшатка арасын бөліп, онда ұсақ тас төсеп тастаған. Алайда, мұндай әдіс шаһар әкіміне ұнамады. Енді, мамандар бұл жерді қайта жасауы тиіс.
Ал, Қазбекова көшесінде салынып жатқан тротуар тым биік болып шықты. Александар Аглиулин коляскамен жүретін аналарға бұл арадан өту қиын болатынын ескертіп, олқылықтың орнын жоюды тапсырды. Әрі қарай, қала әкімі Ағайынды Мусиндер көшесіне барып, жаңадан салынған жол шетінде жатқан асфальт қалдықтарын сынға алды.
Құрылысшылар көрсетілген кемшіліктерді келесі аптаға дейін жоюы тиіс. Алдағы бейсенбіде салынып жатқан нысандарды өз бақылауларына алған қоғамдық кеңес отырысы өтпек. Онда құрылысқа жауапты мердігер компаниялар атқарған жұмыстарына есеп береді
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login