Ортадересін тумасы, Руы Тобықты – Қарпық – Қалдау, ардақты да аяулы әке, адал жар, қимас бауыр Қуатбеков Жамантай Мекеұлының бұл фәниден бақиға өткеніне 20 мамыр күні 40 күн болады.
Асыл жар, ардақты әкеміз, қимас бауырымыз туа біткен қасиетінен мейірімді, еңбекқор, ақкөңіл, парасатты. Бауырларына, ағайын, туған-туыс, көрші-қолаң, барша халыққа қадірлі еді. Бір әулеттің ордасы, ұйытқысы, демеушісі болып отырған Жамантай Мекеұлын еске ала отырып, Алладан рақым, Пайғамбарымыздан шапағат, топырағың торқа, жаның жәнатта болсын деп дұға бағыштаймыз.
Қырық күндік асы 20 мамыр күні сағат 12-де, Балқаш қаласында, «СҰЛТАН БЕЙБАРЫС» мейрамханасында беріледі.
Ағайын-туыс, құда-жекжат, жолдастарына, бірге жұмыс жасаған еңбек ұжымына, көршілерге, балаларының, бауырларының жора-жолдастарына, әріптестеріне және танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Ортадересін ауылындағы мешіттің жанынан сағат 10.30-да автобус жүреді.
Поминальный обед (40 дней) состоится 20 мая в 12 часов дня, в Балхаше, в ресторане «СУЛТАН БЕЙБАРЫС».
Сымбат пенен Динара, Олжасым деп,
Ұрпағымды тəңірім қолдасын деп.
Ұлағатты тəрбие бере білдің,
Болашағы бұлыңғыр болмасын деп.
Қиындыққа, қатерге берілмедің,
Жетістікке мастанып, керілмедің.
Астана мен Балқашта із қалдырған,
Құрылыстың хасшебер керімі едің.
Бақиға өттің 60-тың белесінде,
Игі істерің, өмірің ел есінде.
Қойнына алды туған жер топырағы,
Ата-баба мекені – Дересінде.
Жаратқанның бұйрығы, көнеміз де,
Жоқтығыңа арада сенеміз де.
Жатқан жерің, жан əке, жайлы болсын,
Бағыштаймыз дұғаны, келеміз де.
Ас берушілер: жұбайы – Сәулеш, балалары – Динара, Олжас, Сымбат, бауырлары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login