Қымбатты құрбымыз Мұхаметжанова Әлия Құдыярқызы! Сені 30 жасқа толған туған күніңмен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, жүзіңнен күлкі кетпей жанұяңның, балаларыңның қызығына батып, аңсаған арманыңа жете беруіңе тілектеспіз!
Досым, бүгін туған күнің тойлайық,
Әзілменен қағытпа сөз ойнайық.
Бір-біріне сүйенетін уық боп,
Достық деген шаңырақты жоймайық.
Тапқым келер сен үшін ең жақсы сөз,
Айтқым келер жырыммен алғашқы сөз.
Жаныңды жадыратар жылу тауып,
Жазсам деймін жүрегіңе ең басты сөз.
Таудай талар тілеймін тағдырыңа,
Ілінбеші іліктердің сан қырына.
Қуанышың жұлдыздай сансыз болып,
Жүзе берші өмірдің ән-жырына!
Бақытты отбасының кеш ғұмырын,
Өмір өзі жазады отты жырын.
Жан жарыңмен дәм-тұзың құп жарасып,
Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.
Т/б: Нұрлан-Перизат, Арнұр-Динара, Серік-Толқын, Фархат-Гульмира, Жасұлан-Нұржанат, Асем, Нұржан-Шынар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login