Балалар үшін жеңілдік. Енді мектеп оқушыларына мереке және демалыс күндері үй тапсырмалары берілмейтін болды. Жаңа оқу жылынан бастап тапсырманың үштен бір бөлігі қысқармақ.Ол үшін арнайы әдістемелік оқулық жасатылды. Өйткені, 65 елдің арасында жүргізілген сараптама нәтижесінде ең көп тапсырма берілетіндердің қатарында біздің елде бар. Қытай, Ресей, Сингапурдан кейін Қазақстан төртінші орында тұр. Еліміздің балалары үйге берілген сабақты орындау үшін аптасына 9 сағаттарын жұмсайды екен. Одан 62 пайызы әбден шаршаса, қалғандары мүлдем орындамайтындықтары анықталды. Сол себептен, осындай олқылық жойылмақ. Енді үй тапсырмаға 2-ші сынып оқушыларына 50 минут, 3-4 сыныптағыларға 70 минут, 5 пен 6 сыныптағы балаларға 90 минут болып белгіленбек. Жоғарғы сыныптағы 7-9 сыныптарға 110 минут, 10 мен 11 сыныптағы оқушылар 130 минут уақыттарын жұмсайтын болады. Ал мектеп табалдырығын жаңа аттағандарға үй тапсырмасы мүлде берілмейді делінген әдістеме кітапшасында.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login