Еске алу Маубасова Рысты Сқаққызы

Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылының тумасы, ардақты анамыз, немере-шөберелерінің сүйікті әжесі Маубасова Рысты Сқаққызы, руы Төлеңгіт, дүниеден озғанына 1 жыл толды.

Ғасыр жасаған аяулы анамыз 4 бала тәрбиелеп, ғұмырында немерелерінің қызығын көріп, шөбере-шөпшектеріне бата берді.

Анамыз көзден кетсе де, көңілден әлі кеткен жоқ. Жаны жәнната, тәні рахатта болғай деп, Алладан қайырын сұрап, алды бейіш, арты нұр болсын деп дұға қыламыз.

20 мамыр күні сағат 13.00-де Қызыларай ауылында «АҚЖОЛ» дәмханасында құран бағышталып, ас беріледі. Асқа ағайын-туыстарды, құда-жекжаттарды, ауылдастарды шақырамыз.

Жан анашым, 1 жыл өтсе-дағы сағынамыз өзіңді,

Сағынамыз дауысыңды, мейірімді жүзіңді.

Өмір-өзен арнасымен жылжып ағып жатса да,

Естен кетпес мейірім тұнған жанарың.

 

Жүрегіне жылылық ұялаған,

Жан ана ұрпағына сая болған.

Әлдилеген әуенің естен кетпес,

«Құлыным» деп құшақтап, аялаған.

 

Асыл ана, жеткізіп, жетелеген,

Жалғанда саған адам жетер ме екен?

Біз үшін сен бір асыл, сен бір кенсің,

Батаңмен бар әулетің өсіп-өнсін!

Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің!

 

Әжетай, шаңыраққа болдың пана,

Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.

Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,

Іздейміз, әже, сізді баршамыз да.

 

Ұрпақтарың үмітіңді ақтар әлі,

Жақсылығың санамызда, айтылар әлі.

Өзіңізбен өткен күндер,

Жадымызда мәңгілік сақталады.

 

Анашым, Әжетайым!

Жатқан жерің жұмақ болсын,

Топырағың гүлденген құрақ болсын.

Сағынышпен әрқашан еске аламыз,

Жұмақ төрі өзіңе тұрақ болсын!

Ас берушілер: балалары, немере-шөберелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture