Арнасынан асқан Балқаш көлі Сарышаған кентінің маңын басып қалды

Арнасынан асқан Балқаш көлі Сарышаған кентінің маңайын басып қалды. Жағадан асқан су аймақты тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған, насостық станцияны да шайып кеткен. Соның салдарынан тұрғындар сусыз қалды. Деседе, мамандар бүгін түске дейін насостық бекеттегі суды сорып, станцияны іске қосқан. Қазір, саршағандықтар судың келгенін айтуда. Ал, көлдің арнасынан асуына қатты жел себеп болған. Дауыл тұрған кезде, толқын көтеріліп, жағалауды алып кеткен. Бірақ, үйлерге дейін жете қоймаған. Жауапты мамандардың айтуынша, мұндай жағдай соңғы 7 жылда тіркелмеген.

Дастан Бокишев-Сарышаған кентінің тұрғыны
«Кеше қатты жел ьолып, су шайып кетті. Кеше кешке қарай артқа қарай кетті. Енді қайтадан келіп отыр. Үцдің жан-жақтарына кірді. Бірақ үйге кірген жоқ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture