60 жұмыссыз балқаштық тегін мамандық меңгереді

Биыл 60 жұмыссыз жаңа мамандықты тегін оқиды. Маусым айында қайта оқыту курстары басталмақ. Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар 3 ай ішінде газбендәнекерлеуші, электромонтер, аспазшы, шаштаразшы секілді мамандықтарды меңгеріп шығады. Сонымен бірге, ай сайын 16 мың теңге шәкіртақы қарастырылған. Қайта оқыту курстары Рақымжан Қошқарбаев атында колледжде және сервис колледжінде өтеді. Ал, мұндай тегін оқу енді тек күзде ұйымдастырылады.
Диана Рахметолла-жұмыспен қамту орталығының маманы
«Тегін оқуға тек жұмыссыздар жіберіледі. Биыл 60 балқаштықты оқытпақпыз. Оқуларын аяқтағаннан кейін әрі қарай жүмысқа орналастыру да біздің міндетіміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture