Қырық күндік ас Садуақасқызы Гүлжан

Руы Құлық-Таңат, Төре келіні, Садуақасқызы Гүлжан өмірден өткеніне 19 мамыр күні 40 күн болады.

Қырық күндік асы 19 мамыр күні сағат 11.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ ЗАЛЫНДА беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, көршілерге, жора-жолдастарға, бауырларының жұмыс орнына хабарлаймыз.

Ақкөңіл-ең, әр кезде жарқылдаған,

Туысқа да, досқа да аңқылдаған.

Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,

Жылап қалды ағайын, артыңда жан жолдасың.

 

Жүруші едің анашым жолға қарап,

Балаларым үйге келіп қалар ма деп.

Мезгілсіз үзілді ғой, жан Анашым,

Үкілі үмітің мен бар арманың.

 

Арамыздан кете бардың алыстап,

Уайым, қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын орыныңыз,

Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.

 

Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің.

Жатқан жерің жарық болсын,

Топырағың торқа болсын!

Шапағатың нұрға толсын!

Әруағыңмен жебей бізді,

Артыңдағы ұрпақтарың аман болсын!

 

Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсын,

Аруағыңыз ұрпағыңды қолдап жүрсін.

Түскен кезде қайғы-мұң басымызға,

Ағайын, көрші, құда-жекжат болды қасымызда.

«Рахмет!» -дей келіп, шақырамыз,

Анамызға арнап жайған асымызға.

Хабарлаушылар: жолдасы – Күзбай, балалары, бауырлары, Ақторғаевтар әулеті.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture