Хабарландыру. Шалқар Амирханов

Руы Тобықты – Бораншы – Байбазар, Төлеген қажының туған інісінің баласы Бөлегенұлы Амирханов Шалқардың өмірден өткеніне қырық күн болды.
Қырық күндік асы 18 мамыр күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ залында беріледі.
Орта-Дересін ауылына, туған-туыс, құда-жекжат, достарына хабарлаймыз.
18 мамыр күні сағат 10.30-да Орта-Дересіннен автобус жүреді.

Ақкөңіл-ең, әр кезде жарқылдаған,
Туысқа да, досқа да аңқылдаған.
Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,
Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.
Ағамызды сағына еске ала отырып, топырағың торқа, тәнің рахатта болсын, қабірің иман нұрымен нұрлансын!-деп Алладан тілейміз.

Ас берушілер: Төлеген қажы, анасы – Абзалия, бауырлары, қарындастары, баласы – Нұрбек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture