Балқашқа таяу Шұбар Түбек маңында көлік апаты орын алды

Шұбар Түбек кентінің маңында ауди мен фургон соқтығысып, бір адам көз жұмды. Оқыс оқиға кеше 21.00 шамасында болған. 44 жастағы жеңіл көліктің иесі жедел-жәрдем келгенше, оқиға орнында бірден жан тапсырады. Ал, жүк көлігінің жүргізушісі басынан жарақат алған. Алайда, ауруханаға барып емделуден бас тартыпты. Әзірге, жола апатының қалай орын алғаны белгісіз.

 Айжан Иса –Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы
«Жол апатынан 2 адам жапа шекті. Бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханаға барудан бас тартты. Оның жарақаты онша ауыр емес».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture