1 маусымнан бастап мектепшілік лагерлер өз жұмысын бастайды. Биыл онда 2700 бала тынығатын болады. Таңғы 9 дан кешкі 4 ке дейін. Ал, 15 күндік демалыстың құны 6000 мен 8000 теңге аралығында. Бұл соманың ішіне күніне 3 рет тамақтану кіреді. Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап былтырғыдай кәсіби лагерлер жұмыс істейді. БГТК қабырғасында және Мысшылар стадионында. Онда оқушылар 9 дан 2 — ге дейін түрлі спорттық секцияларға, тігу, тоқу, тілтанту секілді үйірмелерге қатысады. Ал, Бектауата баурайындағы Жасқанат лагерінің жұмысы 13 маусымда басталмақ. Биыл онда 4 ауысым бойынша, 1000 баланы жіберу көзделіп отыр. Жолдама құны былтырғыдай 6700 теңге. Осы жылы оқушылардың қала сыртындағы жазғы демалысын ұйымдастыруға қалалық бюджеттен 72 млн теңге бөлінген.
Жанар Сағатбекова- білім бөлімінің бас маманы
«Сонымен қатар былтырғы жылдан бері бізде профильдік бағытпен лагерлер ұйымдастырып жатырмыз. Ол лагерлер БГТК колледж базасында көоркем эститикалық бағытпен. Тігу, тоқу, сонымен қатар ағылшын тілі. Сосын стадион металлургта футболист балаларды қамтыған болатиынбыз. Биылғы оқу жылында 10522 баланы қамтимыз. Бұл 96.1 пайызды құрайды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login