Балқашта кенелердің қаптайтын кезі басталды

Қансорғыш кене былтыр 4 балқаштық тұрғынға залалын тигізді. Биыл мұндай жағдай әлі тіркелмеді. Бірақ, жаман айтпай жақсы жоқ демекші,мамандар қазіргі уақытта барынша абай болу керектігін ескертеді. Өйткені, қанға үйір жәндіктердің қаптайтын уақыты мамыр, маусым айлары. Оған қоса, қансорғыштар табиғат аясында яғни Бектау-ата жерінде баршылық. Ол жақта кененің «иксода» түрін кездестіруге болады.Ал егер кененің бұл түрі адамды шақса энцефалит, туляремия дерті жұғуы мүмкін. Және ол өмірге өте қауіпті болып келеді. Сондықтан, кене тістеп алған жағдайда бірден дәрігерлерге қаралу керек.

Сәуле Қапенова-халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі
«Егер денеге кене жабысып қалса бірден хирургия, травмотологияға барыңыздар. Не болмаса сол жерге қандайда бір май жағып қоюға болады. Кейін кене өзі шығады. Қолмен қысып, тиіспеңіздер. Өршіп кетуі мүмкін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture