Балқаш жаңалықтары 15 мамыр 2017

Медициналық жұмыскердің кесірінен өрт оқиғасы тіркелді. Күндіз сағат екіде №5 мектептің дәрігері шәйнекті қосып, ұмытып кеткен. Соның салдарынан тоққа әбден сақырлап қайнаған шәйнектің тоғы қызып кетіп, қысқа тоқтың тұйықталуы орын алған.

Ал тағы бір өрттің кесірінен — Сәтпаев мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.Себебі, бір бөлмелі пәтерден шыққан көк түтін бір подъезге толық жеткен.

Белгісіз ер адамның мәйіті. Аты-жөні беймәлім азаматтың денесі 14 мамыр күні Мұхамеджанов мөлтек ауданындағы №28 үйдің ауласында ,кешкітұғырымда табылды.

Ғаламторды дүрліктірген бейнеролик. Құрылыс алаңында ойнап отырған балалар видеосы ютубте ең көп қаралған роликтердің біріне айналды. Оны түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген автордың жазуынша бұл жағдай Балқашта болған.

1 маусымнан бастап мектепшілік лагерлер өз жұмысын бастайды. Биыл онда 2700 бала тынығатын болады. Таңғы 9 дан кешкі 4 ке дейін. Ал, 15 күндік демалыстың құны 6000 мен 8000 теңге аралығында.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ең тойымсыз, ашкөз мемелкеттік қызметкерлердің рейтингісін шығарды. Тәуелсіз компания, жемқорлықтың қай салада үрдіс алғанын анықтау мақсатымен, бизнесмендер арасында сауалнама жүргізген.

Бүгіннен бастап Балқашта суару жүйесі толығымен іске қосылды.Мамандар екі апта бойы қаладағы барлық құбырларды тексеріп, жұмыстарын пысықтады.

Қалада суару жүйесімен бірге субұрқақта өз қызметін бастады. Бірақта, тәуелсіздік алаңындағы үлкені ғана іске қосылды. Өйткені, субұрқаққа жауапты мамандарды анықтайтын байқау әлі аяқталмады. Сондықтан, оны күтпей тұрғын үй шаруашылық бөлімінің мамандары өз күштерімен фонтанды жөндеді.

Балқаштықтар күн жылысымен суға түсуді бастап кетті. Алайда, мамандар көлге шомылуға әлі ерте деп отыр. Себебі күн ысығанымен, судың температурасы әлі көтерілмеген.

Қарағанды облысында ауа-райы -5 минус градусқа дейін суытады. Алайда, бұл мәліметтің Балқашқа қатысы жоқ. Синоптиктердің айтуынша, 16-17 мамыр күндері күн ашық болады, сынап бағанасы түнде +15-17 градусты көрсетсе, күндіз 30 градусқа дейін жетеді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture