Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ең тойымсыз, ашкөз мемелкеттік қызметкерлердің рейтингісін шығарды. Тәуелсіз компания, жемқорлықтың қай салада үрдіс алғанын анықтау мақсатымен, бизнесмендер арасында сауалнама жүргізген. Белгілі болғандай Қарағанды облысы бойынша, көш басына архитектура қызметкерлері жайғасқан. Ондағылар кейбір мәселелерді тез шешу үшін 140 мыңнан 420 мыңға дейін пара сұрайды екен. Екінші орында мемлекеттік сатып алу басқармасы. Бағалары 100 мыңнан басталады. Ал, ең аз алатындар ол экологтар болып отыр. 17 мың теңге берсеңіз, бар мәселеңізді шешіп беруге даяр. Мемлекеттік қызметтегі ең тойымсызы көліктік бақылау инспекциясында жұмыс істейтін болып шықты. Олармен келісу үшін 330мың теңге қажет.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login