Балқашта мектептердің бірінен өрт шықты

Балқашта№5 мектептің медициналық пунктінен өрт шықты. Мектеп дәрігері түскі уақытта шәйнекті қосып, ұмытып кеткен. Соның салдарынан ұзақ уақыт қайнаған шәйнектің сымы қызып, қысқа тоқтың тұйықталуы орын алады. Шарпыған от медициналық төсек пен еденге тиіп, қызыл жалын өрши түседі. Абырой болғанда, тілсіз жауды күзетші байқап қалып, өрт сөндірушілерге хабар береді.Жұмыскерлер өздері де құтқарушылар келгенше өртті ауыздықтап үлгерген. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Ал, өрт қауіпсіздігін сақтамаған мектеп дәрігеріне 23 000 теңгеге жуық  айыппұл салынды.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Біз келгенше мектеп қызметкерлері өртті біраз сөндірген. Мұнда мектеп-дәрігерінің кінәсі бар. Өйткені, өрт қауіпсіздігін сақтамай, шәйнекті қосып үйіне кетіп қалған. Оған 22 690 теңге айыппұл салынды.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture