Құрылыс алаңында ойнап жүрген балалардың видеосы You Tube желісінде ең көп қаралған роликтердің біріне айналды. Оны түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген автордың жазуынша бұл жағдай Балқашта болған.
Алайда,аталмыш оқиғаның Балқашта болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Ал, кадрдан балалардың салынып бітпеген үйлерді аралап, үйілген топыраққа секіріп, ойнап жүргенін көруге болады. Автор, бүлдіршіндердің құрылыс маңында ойнап жүргенін сынға алса, қауіпсіздікті ойлаған көрермендер шаһарда балалар алаңын салу керек, деген пікірлер қалдырған.
Айта кеткен жөн, 2012 жылдан бастап Балқашта 40 аула қайта жөндеуден өтіп, арнайы жасақталған балалар алаңы пайда болды. Осы жылы тағы 6 балалар алаңын салу көзделіп отыр. Оған жергілікті бюджеттен 200млн теңге бөлінген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login