Құрылыс бөлімінің басшысы Саятбек Мусинмен сұхбат
10 мөлтек ауданындағы 60 пәтерлі үйдің құрылысы қашан аяқталады? Тұрғындар қашан үйге қол жеткізеді?
— 2014 жылы 60 пәтерлі тұрғын-үйдің құрылысы басталған болатын. Қазір үйдің сметалық құны – 437 млн. теңге. Биылғы жылы құрылысқа қаржы жетіспегендіктен, облыстан 183 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні құрылыстың 80% игерілді. Толықтай маусым айының аяғы мен шілденің басында тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз.
Балқаш қаласының 80 жылдығына орай қандай құрылыс нысандары бой көтереді?
— Мерейтойға қарсы М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының іші сыртына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай ақ, артындағы саябақ абаттандырылып, қалыпқа келтіріледі. Сейфуллин көшесі бойында Балқаштың 80 жылдығына стеллаорнатылмақ. 32 млн. теңгені құрайтын құрылыс нысаныны сметалық құжаттары дайын. Монумент үш бұрышты призма түрінде болады. Биіктігі – 22 метр. Жан-жағына Балқаш қаласының балықшылары мен мысшыларының көрінісі бейнеленеді. Ал ең басында диаметрі 1,5 метр болатын Балқаш қаласының елтаңбасы орналасады.


Стелланы қашан бастап, аяқтайсыздар?
— Бүгінгі күні эскизі дайын тұр. Қыркүйек айына дейін аяқтап, қала күнінде тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар көл жағалауында Ауған соғысы мен Чернобыль апатына қатысқандарға арнап ескерткіш қойылады. Бұл екі ескерткіштің де орындары белгіленіп, қалалық құрылыс кеңесімен мақұлданған. Жоба авторы – Игорь Баграмов.
![]()
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login