Балқаштықтар арасында тыныс жолдары аурулары жиілеп барады

Балқаштықтардың көбісі тыныс алу ағзағалары ауруларына шалдыққаны белгілі болды. Осындай санақты облыстық денсаулық сақтау басқармасы жариялап отыр. Мамандардың мәліметіне сенсек, қаладағы әрбір төртінші адам ринит, яғни мұрынның шырышты қабығына суық тигізген. Және фарингит-жұтқыншақтың қабынуы дертімен сырқат.Оған қоса, соңғы жылдары пневмония ауруы өршіп барады. Өкпенің қабынуы ересектер мен қатар балаларда кездесуде.Тіпті, биыл дүниеге келгеніне 2 ай болған сәбилерден табылды. Сондай-ақ, биыл 2 мыңнан астам тұрғын риниттің тітіркену түрімен, мұрынның шырышты қабатының зақымдануы аурулары бойынша есепке алынған. Ал балқаштықтар арасында тыныс алу мүшелерінен кейін, жарақат пен улану , несеп-жыныстық дерті кезекте тұр.

Гүлдана Бегалина- лор-дәрігер
«Науқастар риниттің тітіркену түрімен көктем,жаз, күз айларында көп келеді.Көбісінің аллергиялары жәндікке, шаңға, өсімдіктерге.Ал риниттің асқынуы мұрын ауруларына шалдыққан тұрғындарда көп байқалады.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture