Балқаштық тұрғын кісі өлтіргені үшін 9 жылға сотталды

Бауыры үшін 25 жастағы жігітті өлтірген қылмыскер 9 жылға сотталды.Және айыпталушы қара жамылған отбасы мүшелеріне 1 млн. теңге моральдік өтемақы төледі. Оқиға желісінде,таңға жақын түнгі клубта демалып жүрген екі жігіт сөзге келіспей қалып, далада жаға жыртысады. Сол тебелестің арасынан бауырын көрген күдікті клубтың ішінен пышақты алып шығып, жәбірленушінің кеуде тұсына бірақ сұққан. Тосыннан келген соққыдан қанға оранған жігіт үй жаққа қарай қашып кеткен.Бірақта, 25 жастағы жігіт алған жарақаттың салдарынан емхана бөлімшесінде көз жұмады. Ал күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сот сараптамасы,айыпталушының психологиялық ауытқуы бар екендігін анықтады. Алайда, ол қанды қылмыс күні өз ісіне толық жауап берген дейді. Нәтижесінде, 9 жылға сотталды.

Нұргүл Берлікешева – Балқаш қалалық сотының судьясы
«Аталмыш фактіге байланысты ҚРҚК 106 бабының 3-тармағы , денсаулыққа абайсыздан ауыр зиян келтірген ісі бойынша күдікті жауапқа алынды. Сот шешімімен кінәлі деп танылған азамат 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпыға бірдей түзету колониясында өтейді. Сот үкімі өз күшіне енбеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture