Өрттен 32 жастағы мүгедек келіншек құтқарылды.Тілсіз жау оның өз пәтерінде, Сәбитова мөлтек ауданында орын алды.Ал қызыл жалын кешкі сағат 6-да тіркелді.
Қараусыз қалған ғимараттың маңынан снярад табылды. 2 мөлтек ауданындағы құрылыстың қасында жатқан зеңбіректің оғы бірден қоршауға алынды. Ол үшін барлық арнайы бөлімшелер жұмылдырылды.
Балқаштықтардың көбісі тыныс алу ағзағалары ауруларына шалдыққаны белгілі болды. Осындай санақты облыстық денсаулық сақтау басқармасы жариялап отыр.
Су тасқынының салдарынан Қарағанды облысына қанша шығын келгені анықталды. Қарқаралы ауданы- бәрінен көп зардап шеккен.
Тіркелмеген қару-жарақты сатып алу акциясы аяқталды. Балқаштықтар ішкі істер бөліміне заңсыз сақталған 7 қаруды өткізді. Енді ол үшін барлығы 250 мың теңге алатын болады. Республика бойынша ұйымдастырылған шараға жерлестеріміз белсенді қатысты.
12 мамыр – Экологиялық білім күні. Бұл датаның басты мақсаты – табиғатты қорғауға шақыру. Мәселен, Арал теңізінің тартылуына, өзен суының дәнді дақылдарды суаруға қолданылуы себеп болды. Осындай экологиялық апат түрлері көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап, қоршаған ортаға шығын әкелетіні рас.Осы орайда, балқаштықтар табиғатты сақтауға қандай үлес қосуда? Оны сауалнамадан көрелік.
Жас таланттар! Өнер мектебінің тәлімгерлері халықаралық байқаудан жеңіспен оралды. Алматыда өткен сайыста өнер көрсеткен балқаштықтар барлық медаль түрлеріне жеңіп алған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login