Балқаштық мұғалімдер мен оқушылар Алматы қаласында өткен Республикалық байқауда үздік атанды. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» деп аталатын байқауға қаламыздан психология мен химия пәндерінің мұғалімдері және № 17, № 15 мектеп оқушылары қатысқан.
Жерлестеріміздің ешқайсысы да осал түспей, жүлделі орындармен оралды. № 8 мектептің химия пәнінің ұстазы Айгерім Жасымбекова мен Қоңырат мөлтек ауданына қарасты № 3 мектептің психологы Ернұр Мухсинов Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 130 жас маманның ішінен үздік деп танылып, І орынға ие болды. Сондай-ақ, № 17 мектеп оқушылары да өздерінің білімдерін дәлелдеп, І орынды жеңіп алды. Ал № 15 мектеп оқушылары ІІІ орынды қанағат тұтты.
Еске сала кетейік, балқаштық мұғалімдер мен оқушылар осының алдында облыстық іріктеуде жеңіске жетіп, Республикаға жолдама алған болатын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login