Су тасқынының салдарынан Қарағанды облысына қанша шығын келгені анықталды. Қарқаралы ауданы бәрінен көп зардап шеккен. Ал, Шет ауданында табиғат апатынан келген шығын көлемі әлі есептелуде. Мамандардың сөзінше, Қарқаралы ауданындағы судан жапа шеккен тұрғындардың үйлерін қайта қалпына келтіруге және облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 3 млн 600 мың теңге жұмсалады. Ал, Абай ауданы бойынша жалпы шығын көлемі 575 мың.
Ал, керекті сома Қарағанды облысының бюджетінен бөлінеді. Сонымен бірге гуманитарлық көмек көрсету жалғасуда. Балқашта да зардап шегушілерге керекті төсек-орын, азық-түлік жинайтын пункт ашылған болатын. Алайда, әзірге көмек қолын созамын деушілердің қатары аз. Ал, игі іске атсалысамын десеңіздер мәдениет сарайындағы жастар ресурстық орталығына жүгінуге болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login