Балқаш ауыз суы. #ЭкоБалқаш

Балқаш қаласына ауыз су 1968 жылдан бастап Тоқырауын өзенінен келеді

Оған дейін қала тұрғындары көлдің суын ішкен

Тоқырауын – Қазақстандағы сирек кездесетін ауыз су көздерінің бірі

Өзен суы жер астына сіңіп, табиғи сүзгілерден өтеді – сондықтан қосымша тазалауды қажет етпейді

«Балқаш су» лаборанттары әр апта сайын қаланың түкпір-түкпірінен су сынамаларын жинайды

50 жыл Балқаш суының сапасы жоғары

2013 жылға дейін қаланы сумен қамтамасыз ету үшін жер астынан тәулігіне  144 000 м3 су тартқан

Бүгін 2,5 есе аз – тәулігіне 58 000 м3

Аталған норма тек алдағы 20 жылға жарамды

Одан кейін су мөлшерін қысқартуы мүмкін

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture