Жұмысшылар кенті жүк көлігінің кесірінен жарықсыз қалды. Видео

Жүк көлігі жарық бағанасын соғып құлатып, салдарынан Жұмысшы кентіндегі Жезқазған көшесі электр энергиясынсыз қалды. Ал, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші көп ұзамай қолға түсті. Таңғы 10 да жұмысшы кентінде бір сәтте тоқ сөніп қалған. Жарықсыз қалған тұрғындар бірден Балқашэнерго мекемесіне қоңырау шалады. Ал, ақаудың қайдан шыққанын анықтауға келген инженерлер жол бойындағы электр бағанасының құлағанын, нәтижесінде сымдардың үзілгенін көріп, полиция қызметкерлеріне хабар берген. Тәртіп сақшылары куәгерлерді сұрастыру арқылы көз ұзамай жүргізушіні қолға түсірген.

 Юрий Снегуров – «Балхашэнерго» КМК бас инженері
«Қазір зақым келген бағананы жөндеп жатырмыз. Оны қайта-қалпына келтіруге бірнеше күн кетеді. Қанша шығын келгені әлі белгісіз. Оны есептеп жатырмыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture